KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» КЕҢСЕСІНЕ АРДАГЕРЛЕР КЕЛДІ

24/04/2026 | 41
«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» КЕҢСЕСІНЕ АРДАГЕРЛЕР КЕЛДІ

«Қазқайтажаңарту» РМК бас кеңсесіне көрнекті ғалымдар мен тәжірибелі ардагерлері келді. Кәсіпорының Бас директор Олжас Шариязданов реставрация саласының майталмандарына келелі кеңесі үшін ұжым атынан алғыс білдірді.

Кездесуге Қазақстандағы тарихи-мәдени ескерткіштерге реставрация жасаған білгір маман, сала ардагері Қанат Қымызұлы Тұяқбаев, ардагер ұстаз Молдашев Болат Бәкірұлы, тәжірибелі ардагер Шамиль Кожаханов, танымал реставратор, ғалым-ұстаз Қырым Алтынбеков бастаған ақсақалдар «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы атқарып жатқан жұмыстармен танысып, ризашылықтарын білдірді.

Басқосуда ұжым ғылыми реставрацияның жетістіктері мен түйткілді мәселелерін шешу бағытындағы ардагерлердің ақыл-кеңесін тыңдап, ұтымды ұсыныстарды іске асыру барысын ақылдасты.

«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі