KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ЕНГІЗУ БАСТАЛДЫ

25/06/2026 | 38
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЦИФРЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ЕНГІЗУ БАСТАЛДЫ

«Қазқайтаңарту» РМК кеңсесінде Лондон университеттік колледжінің (UCL) өкілдері цифрлық платформаға құжаттарды жүктеу ережелерін түсіндіріп, шеберлік дәрісін өткізді.  

Орталық Азияның археологиялық ландшафттары (CAAL) жобасы  - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұрасын біріктіруге арналған бірыңғай цифрлық платформаны құру» туралы ұсынысты мақұлдауымен іске асып келеді. Осыған орай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның тапсырмасымен «Қазқайтажаңарту» РМК платформаны құру және жүзеге асыру бойынша нақты істерді  атқаруда.

Осы мақсатта «Қазқайтажаңарту» РМК 2025 жылы Лондон университеттік колледжімен (UCL)  келісім жасасып, Arcadia қайырымдылық қорының қолдауына ие болған. Аталған келісімге сәйкес тараптар Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия елдерінің тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, мониторинг жүргізу және басқару бойынша цифрлық шешімдерді бірлесіп енгізуге уағдаласқан. Аталған уағдаластық шеңберінде UCL өкілдері қазақстандық мамандарға құжаттарды  цифрландыру, платформаға енгізу және сақтау, жүйелеу талаптарын түсіндіріп, техникалық қауіпсіздік ережелерін көрсетті. 

 Орталық Азияның цифрлық платформасындағы материалдар ғалымдар мен зерттеушілерге, көпшілікке де  қолжетімді болады. Бірлескен ынтымақтастық негізінде орындалатын жұмысқа Қазақстан бюджетінен арнайы қаражат бөлінбейді.

 «Қазқайтаңарту» РМК