KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

ӘЛҚОЖА АТА КЕСЕНЕСІНЕ ҒЫЛЫМИ РЕСТАВРАЦИЯ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

17/07/2026 | 33
ӘЛҚОЖА АТА КЕСЕНЕСІНЕ ҒЫЛЫМИ РЕСТАВРАЦИЯ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан қаласындағы Әлқожа ата кесенесіндегі ғылыми реставрациялық жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізіп жатыр.


Бүгінде «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары кесененің үлкен залы мен зияратхана интерьеріндегі қабырғаларды, үлкен күмбезін, сыртқы ағаш бағаналарын тазалап бояп, қабірхана ішін толықтай қалпына келтірген. Сондай-ақ, кесененің еденіне ескі үлгідегі кірпіш төселіп жаңартылған.

Алдағы кезеңде сыртқы ағаш тіреу бағандары, қасбеттер, кірпіш сылақтары және бүгінге дейін сақталған сәндік өрнектер қалпына келтіріледі. Сондай-ақ, күмбез бен сыртқы кірпіш беттері арнайы өңдеуден өткізіліп, кесене аумағы жаңғыртылады. Ал айван бөлігіндегі кірпіш қалауының жіктері қайта өңделіп, еденіне цементті қабат төселеді.


«Қазқайтажаңарту» РМК ғылыми реставрацияны ескерткіштің сәулеті мен көркемдік нақышын сақтай отырып жүргізеді. Қалпына келтіру жұмыстары белгіленген мерзімде аяқтайды.