KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

ОҚУ ОРНЫНА РЕСТАВРАЦИЯ ЖАСАЛУДА

01/09/2026 | 47
ОҚУ ОРНЫНА РЕСТАВРАЦИЯ ЖАСАЛУДА

«Қазқайтажаңарту» РМК Алматы қаласында орналасқан Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогилық университетіне ғылыми реставрация жасап жатыр. Тарихта «Верный ерлер гимназиясы» ретінде белгілі ғимараттың шатыры ауыстырылады.


Кәсіпорын жүргізген ғылыми зерттеу нәтижесінде ғимараттың ескіріп, шатырының зақымданғаны анықталды. Осыған орай, үш нысанның шатырын ауыстыру жоспарланды. Онда шатырдың металл жабындары, маңдайшалары мен карниздері алынып, жаңартылады. Сондай-ақ, ағаш конструкциялары толықтай қайта құрастырылады. Ғимаратқа шатырдан су өтпеуі үшін полиэтиленнен қабат төселіп, гидрооқшаулау жасалады. Сонымен қатар, шатырдың ағаш қаңқалары өрттен қорғайтын қоспамен өңделеді. Тарихи нысаның ішкі жұмыстары аяқталғаннан кейін мырышталған болат жабынмен жабылады. Бұдан бөлек, суағарлар орнатылып, брандмауэрлер, парапеттер, карниздерге қорғаныштар жасалады.


«Қазқайтажаңарту» РМК ғылыми реставрация жұмыстарын ғимараттың тарихи-сәулеттік келбетін сақтай отырып жүргізеді.