KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

ӘЛҚОЖА АТА КЕСЕНЕСІНДЕГІ РЕСТАВРАЦИЯ АЯҚТАЛДЫ

02/09/2026 | 133
ӘЛҚОЖА АТА КЕСЕНЕСІНДЕГІ РЕСТАВРАЦИЯ АЯҚТАЛДЫ

«Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан қаласында орналасқан Әлқожа ата кесенесіне жүргізілген реставрация жұмыстарын аяқтады. Ғылыми реставрация ескерткіштің сәулеттік ерекшеліктерін сақтай отырып, бірнеше бағытта орындалды.


Жұмыс барысында кесене қабырғаларындағы бүлінген кірпіштері толықтай ауыстырылды. Ылғалдан қорғау үшін, іргетастың сыртқы бөлігіне гидрооқшаулағыш қабат төселді.


Зияратхана интерьерінде қабырғалар, бағаналар, күмбездер мен аркалар мұқият тазаланып, әк бояумен сырланды. Көрхана бөлігінде сегіз қырлы құрылымның бағаналары мен күмбездері әктеліп, қалпына келтірілді. Сондай-ақ кесененің еденіне ескі үлгідегі кірпіш төселіп, жаңартылды.


Айван бөлігіндегі тіреу ағаштары мен сәндік ағаш элементтеріне лак жағылып, қалпына келтірілді. Сонымен қатар, кірпіш қалауының жіктері қайта өңделіп, еденіне цементті қабат төселді.

«Қазқайтажаңарту» РМК кесененің жай-күйін алдағы уақытта да бақылауда ұстайды.