KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

БОТАЙ ҚОНЫСЫНА ҒЫЛЫМИ РЕСТАВРАЦИЯ ЖАСАЛУДА

18/09/2026 | 106
БОТАЙ ҚОНЫСЫНА ҒЫЛЫМИ РЕСТАВРАЦИЯ ЖАСАЛУДА

«Қазқайтажаңарту» РМК Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында орналасқан Ботай қонысына ғылыми реставрация жүргізіп жатыр. Қалпына келтіру жұмыстары көне қоныстың тарихи құрылымын қайта тұрғызуға бағытталған.


Жұмыс барысында қоныс аумағындағы 1-тұрғын үйдің іргетасы құйылып. ағаш қабырғалары қайта тұрғызылды. Іргетасына гидрооқшаулау жұмыстары жасалып, еденіне цементті қабат төселді. Сонымен қатар шатыры ескі технологиямен қайта жасалды.


Кіреберіс дромостың іргетасы құйылып, ағаш қаңқасы мен шатыр конструкциялары қайта жасалды. Гидрооқшауландырып, сазбалшықпен едені қалпына келтірілді.

Тұрғын үйлерді жалғап тұрған дромоста толықтай қайта тұрғызылып, құрылымдарыс геокаркас пен анкерлік қосылыстар арқылы қосымша күшейтілді. Сондай-ақ негізгі кіреберіс есігі қалпына келтірілді.


Ғылыми реставрация мемлекеттік «Ботай» музей-қорығының сәулеттік келбетін арттырып, келушілерге «Ботай» қонысының ерекшелігін көрсету үшін жасалды.