KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

ҰЗЫН АТА КЕСЕНЕСІНЕ РЕСТАВРАЦИЯ БАСТАЛДЫ

11/09/2026 | 72
ҰЗЫН АТА КЕСЕНЕСІНЕ РЕСТАВРАЦИЯ БАСТАЛДЫ

«Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан облысы, Шардара ауданында орналасқан Ұзын ата кесенесіне ғылыми реставрация жұмыстарын бастады. Қалпына келтіру кесененің тарихи келбетін сақтай отырып, техникалық жай-күйін жақсартуға бағытталған.


Жұмыс барысында кесене іргетасының бойындағы қорғаныш жабыны алынып, дренаж жүйесі мен жаңа қорғаныш жабыны орнатылады. Ал нысан күмбезінің сәндік өрнектеріне реставрация жасалады. Бұдан бөлек, қасбетінің кірпіштері қалпына келтіріліп, қажет жерлерінде көне технологиямен әзірленген кірпіштермен ауыстырылады.

Ескерткіштің ішкі жұмыстарына келсек, зияратхана қабырғаларының пилондары қалпына келтіріліп, бүлінген кірпіштер ішінара ауыстырылады. Құлпытас төбесінің жіктері тазаланып, қайта толтырылады. Сонымен қатар кесене едені толықтай ауыстырылады.


Реставрацияның соңғы кезеңінде қасбеттері мен күмбезін табиғи-климаттық фактордан қорғау үшін гидрофобты ерітіндімен өңделеді.

Ұзын ата кесенесіндегі ғылыми реставрациялық жұмыстар көне нысандарды қалпына келтірудің әлемдік стандарттарына сай, жоспармен жүргізілуде. «Қазқайтажаңарту» РМК жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтайды.