KZ | RU | EN
050000. Алматы, Гоголь көшесі 37
Тел.: 8 (727) 382 4281, info@kazrestavration.kz

КЕҢСЕДЕГІ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

26/11/2026 | 0
КЕҢСЕДЕГІ КЕЛЕЛІ КЕҢЕС

Бүгін «Қазқайтажаңарту» РМК Бас директоры Олжас Шариязданов сәулетші, мәдени мұраны сақтау және басқару саласындағы халықаралық сарапшы, ИКОМОС-тың Непалдағы бөлімшесінің бұрынғы президенті Кай Вейземен кездесті.


Кездесу барысында мәдени мұраны сақтау мен басқаруға қатысты бірқатар мәселе талқыланды. Соның бірі – Қаратау жотасының шатқалдары мен сайларында орналасқан петроглифтер. Қос тарап ежелгі жартас суреттерінің тарихи-мәдени маңызы, оларды сақтау мәселелері және нысанды ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында әзірленіп жатқан номинациялық құжаттама жөнінде пікір алмасты. Кездесу соңында тараптар бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан ынтымақтастықты алдағы уақытта да нығайтып, бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Айта кетейік, Кай Вейзе 2004 жылдан бері ЮНЕСКО-ның мәдени мұра нысандарын сақтау және басқару мәселелері жөніндегі халықаралық кеңесшісі ретінде жұмыс істеп келеді. Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің басқару жүйесін жетілдіру жұмыстарына халықаралық сарапшы ретінде атсалысқан. Атап айтқанда, нысанды басқарудың кешенді жоспарын әзірлеуге ғылыми-әдістемелік қолдау көрсеткен.