«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» РМК ФРАНЦИЯЛЫҚ МАМАНДАРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ
Алматыдағы “Қазқайтажаңарту” РМК ғылыми-зерттеу орталығына Францияның “Centre Interdisciplinaire de Conservation et de Restauration du Patrimoine” (CICRP) ғылыми-реставрациялық орталығының директоры Доминик Вантэн бастаған мамандар келді. Басқосуда ғылыми реставрация саласында қолданылатын заманауи технологиялар мен тәжірибелер жөнінде пікір алмасты.
Филиал мамандары қонақтарға Қазақстанда реставрацияланған тарихи-мәдени ескерткіштерді және филиал зертханасының жұмысымен таныстырды. Француз мамандары Қазақстандағы реставрацияның жетістігіне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастықты нығайта беретіндіктерін жеткізді.
«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі