«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» РМК БАС ДИРЕКТОРЫ ОЛЖАС ШАРИЯЗДАНОВ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін, 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай, ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазқайтажаңарту» РМК Бас директоры Олжас Қазбекұлы Шариязданов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Мәртебелі марапатты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева салтанатты түрде табыстады.
Бұл марапат Мемлекет басшысының еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау, зерттеу және қалпына келтіру ісіне өлшеусіз үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегіне көрсеткен жоғары бағасы, қолдауын білдіреді. «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы атынан Олжас Қазбекұлын осы жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!
«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі