«ҚАЗҚАЙТАЖАҢАРТУ» РМК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның бұйрығымен «Қазқайтажаңарту» РМК мамандары марапатталды.
Мемлекетттік наградаларды «Қазқайтажаңарту» РМК Бас директоры Олжас Шариязданов салтанатты түрде табысталды. Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді реставрациялау саласының майталманы, тәжірибелі маман Күлайым Ақанқызы Мұхамедұлданова - «Еңбек ардагері» төсбелгісімен, ал реставратор Қайыржан Төлендіұлы Искаковқа «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды.
Осы орайда, «Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы кәсіпорын жұмысының дамуына ұдайы назар аударып, қолдау көрсетіп келе жатқан ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваға ерекше ризашылық білдіреді.
«Қазқайтажаңарту» РМК баспасөз қызметі