ПРЕЗИДЕНТ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІН ТАҒАЙЫНДАДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды.
«Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы Арман Оразбайұлын жауапты мемлекеттік қызметке тағайындалуымен құттықтайды!
Мәдениет және ақпарат саласы – еліміздің рухани дамуына, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, тарихи-мәдени мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізуге қызмет ететін маңызды бағыттардың бірі.
Арман Оразбайұлына жауапты қызметінде мол табыс, нәтижелі еңбек және жаңа бастамаларына сәттілік тілейміз. Ел мәдениетін өркендету, ұлттық мұрамызды сақтау мен насихаттау жолындағы қызметі жемісті болсын!
«Қазқайтажаңарту» РМК ұжымы